«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық физика-математикалық мектебінде 2024 жылғы 24-29 наурыз аралығында өткізілген 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасына 44 қоманда құрамында 132 бала қатысты.
Павлодар өңірінен облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздарынан құрылған екі команда қатысты: қазақ тілінде оқытылатын сыныптар арасында – Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің оқушылары; орыс тілінде оқытылатын сыныптар арасында – Павлодар қ. Жетекші ЖОББМ, Павлодар қ. А.Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ және Павлодар қ. №29 ЖОББМ оқушылары.
Олимпиаданың жеке біріншілігінде ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 4-сынып оқушысы Серік Темірлан және Павлодар қ. А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Ленинг Катриана марапатталды.
Командалық кезеңде ІІІ дәрежелі дипломды Павлодар қ. Жетекші орта мектебінің 2-сынып оқушысы Останин Роман; Павлодар қ. А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Ленинг Катриана және Павлодар қ. №29 орта мектебінің 4-сынып оқушысы Станкеев Егор иеленді.
«Дарын» РҒПО-ның ынталандыру грамоталары Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 3-сынып оқушысы Әпсемет Қайсар мен Павлодар қ. Жетекші орта мектебінің 2-сынып оқушысы Останин Романға табысталды.
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО