Жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 24-29 наурызда Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты және Павлодар қаласы № 35 жалпы білім беру мектебінде 16 пән бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Өткізу форматы: электронды, прокторингті («1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера») қолданумен Oqylyq платформасында және транслациясы бар аудиторияның жалпы көрініс камерасы. Облыстық пән олимпиадасына 3 (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) қаладан, 10 ауданнан және 14 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 27 команданың 644 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2022» номинациясы бойынша сертификаттарға ие болды:

Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша: І орын дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі; ІІ орын «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; ІІІ орын дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты.

Гуманитарлық бағыты бойынша: І орын дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы; ІІ орын «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; ІІІ орын Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты.

«Ең үздік команда-2022» номинациясымен Павлодар қаласының құрама командасы және аудан бойынша Павлодар ауданы марапатталды.

Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында 297 оқушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде І орын — 59, ІІ орын — 84, ІІІ орын – 154. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жалпы орта білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиадасына 10 грант тағайындайды.

Қорытынды протокол

Фотографиялар

Similar Posts