Алматы қаласында 2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында Haileybury Almaty мектебінде 9-11(12) сынып оқушылары арасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті.

География (152 қатысушы) және информатика (143 қатысушы) пәндері бойынша 295 облыстық кезең дүлділдері жарысты.

Қатысушылармен қатар өз жұмысын өңірлік мұғалімдер-тәлімгерлер үшін олимпиадалық тапсырмаларды республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға дайындау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың 7 оқушысы қорғады, 6 медальге ие болды, оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Қиын және қызықты күрес барысында Павлодар қаласы гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Соколов Вячеслав (география, мұғалімі  А.К.Жұмабаева) алтын медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері: дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы  Ермек Әділ (информатика, мұғалімі Ерсін А.А.), «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Бастемиев Ансар (география,  мұғалімі Баянова С.Е.) және дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Қабыкен Дарын (география, мұғалімі А.Е.Томбаева).

Қола медаль иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Пятак Дмитрий (география,  мұғалімі Рахметова К.И.)  және «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің   11 сынып оқушысы Наукенов Асхат (география,  мұғалімі Кайдарова Л.С.)

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts