«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 27 қазан күні 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасы облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға облысымыздың 93 оқушысы қатысты. Оның ішінде: 7 сынып оқушылары — 45, 8— сынып оқушылары — 48.
Олимпиада қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І — 4, ІІ — 6, ІІІ — 14.
География пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын алған төрт оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі www.ertisdaryn.kz сайтта жарияланған.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы