2021-2022 оқу жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі ағымдағы жылғы              18-23 сәуір аралығында «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптардың сақталуымен, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінен 2 000-ден астам қатысушы бақ сынады.

Республикалық олимпиадаға Павлодар облысынан  116 оқушы қатысты, оның ішінде 57 қатысушы  қоғамдық-гуманитарлық бағытта,   59 қатысушы жаратылыстану-математикалық бағытта.

Жарыс қорытындысы  бойынша Павлодарлық оқушылар 60 медальге ие болды, оның ішінде 10  алтын, 14 күміс және 36 қола.

Фотогалереясы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts