Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 3-4 мамыр аралығында Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға облыстың 3 қаласынан, 9 ауданынан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 26 команда құрамында 376 оқушы қатысты.

 Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, информатика, география, физика, химия, биология) және қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы).

Олимпиада қорытындысы бойынша 164 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде І дәрежелі дипломына – 22, ІІ дәрежелі дипломына – 46, ІІІ дәрежелі дипломына – 96 қатысушы иеленді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпаздары ағымдағы жылдың 20-22 мамырында Астана қаласында өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

Олимпиаданың хаттамалары 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts