Жас зерттеушілердің жеңісі
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск қ.) 2022 жылғы 9-11 ақпан күндері 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан 500-ден астам жас ізденушілердің ішінде Павлодар облысының 24 оқушысы қатысты. Жас дарындарымыз «қазақ тілі мен әдебиеті», «орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі», «математика, информатика», «физика, техника», «медицина, психология», «тарих, өлкетану, этномәдениеттану», «химия, биология», «экология, валеология» және «робототехника» бойынша 18 жоба ұсынылды.Гран-при иегерлері: «робототехника» секциясында Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Марат Жәнібек, Май ауданы Көктөбе орта мектебінің 6-сынып оқушылары Қадыр Ерболат мен Тұяқ Сейітрахматулла.Жеңімпаз атағына ие болғандар: «медицина, психология» секциясында Екібастұз қ. №16 орта мектебінің 6-сынып оқушылары Толмачева Нелли және Толмачев Эрнест. ІІ орынды «медицина, психология» секциясында дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 2-сынып оқушысы Боранбай Сезім, «тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясында Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 3-сынып оқушысы Каржасбаев Исмаил, «химия, биология» секциясы бойынша Екібастұз қ. №24 гимназия-мектебінің 2-сынып оқушысы Горелова София жеңіп алды. ІІІ орын иегерлері: «химия, биология» секциясы бойынша дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Кравчук Игорь. Құрмет грамосына ие болған: «орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі» секциясы бойынша Еқібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 2-сынып оқушысы Қалел Алихан; Ертіс ауданы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Сабадаш Елизавета; «физика, техника» Баянауыл ауданы №2 Майқайын орта мектебінің 6- сынып оқушылары Уахит Айым және Ибрагимова Асылым.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы