Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2024 жылғы 9 қазанда Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» V облыстық экологиялық конкурсын өткізді.
Конкурстың негізгі мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Қатысушылар келесі тақырыптар бойынша экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды ұсынды:
— елімізде және менің елді мекенімде табиғатты қорғау;
— менің экологиялық іс-шараларға қатысуым;
— біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары.
Облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдерінің 75 жеңімпаз 55 жобамен қатысып, 35 оқушы (26 жоба) Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды, оның ішінде І дәрежелі дипломға – 5 оқушы (4 жоба), ІІ дәрежелі дипломға – 10 оқушы (8 жоба), ІІІ дәрежелі дипломға – 20 оқушы (14 жоба) ие болды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы