8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы аяқталды.
Жыл сайын дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету мақсатында өткізіледі.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 47 оқушы қатысты.
Аталған іс-шарада Павлодар облысының намысын А.Шәмкенов атындағы лицей- мектебінің 8-сынып оқушысы Татару Елизавета (мұғалімі Морец А.А.) және дарынды балаларға арналған №8 лицей- мектебінің
11 сынып оқушысы Одинцова Анастасия (мұғалімдері: Стадникова Л.В., Якутович Ю.С.) қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Елизавета мен Анастасияны, сондай-ақ олардың тәлімгерлерін жоғары нәтижемен құттықтаймыз!
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы