Алматы қаласында ағымдағы жылдың 28-30 наурыз аралығында Леонард Эйлер атындағы олимпиадасының Қазақстандық ұлттық Ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған Эйлер атындағы олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.

            Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың математика сабақтарына деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар математиканы дәріптеу және математикалық білім беруді дамыту.

            Олимпиадаға 8 сынып оқушылары, сондай-ақ сегізінші сынып оқушыларына арналған тапсырмаларды орындаған жағдайда кіші сынып оқушылары қатыса алды.

            Олимпиада үш кезеңде өтті: қашықтықтан, аймақтық және қорытынды. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде Павлодар облысын           7 оқушы таныстырды, оның ішінде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6 оқушысы және дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 1 оқушысы.

            Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары 3 жүлделі орынға ие болды. ІІ дәрежелі дипломмен және 50 000 теңге сомасындағы сертификатпен Катунина Юлия, ІІІ дәрежелі дипломмен және 25 000 теңге сомасындағы сертификатпен Сәбит Ансар және Шубладзе Юрий марапатталды.

            Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз!

 

Similar Posts