Тиба қаласында (Жапония) 5-13 шілде аралығында математика пәні бойынша оқушылардың Халықаралық олимпиадасы өтті (IMO-2023). Олимпиадаға 112 елден 617 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы 6 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей- мектебінің 10 сынып оқушысы Роговский Владимир кірді.
Халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Роговский Владимир қола медаль иегері атанды (мұғалім — Стадникова Лилия Викторовна).