Бат қаласында (Ұлыбритания) 2024 жылғы 14-22 шілде аралығында математика пәні бойынша оқушылардың Халықаралық олимпиадасы өтті (IMO-2024). Олимпиадаға 110 мемлекеттен 600-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы 6 қатысушыдан тұрды, оның ішінде халықаралық, республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, дарынды балаларға арналған № 8 лицей- мектебінің 11 сынып оқушысы Роговский Владимир кірді.
Халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Роговский Владимир қола медаль иегері атанды (мұғалім — Стадникова Лилия Викторовна).

 

Similar Posts