Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 9 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәні мен бағдарламалау бағыты бойынша XІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.
Шараға 86 оқушы қатысты, оның ішінде математика пәніне — 57, бағдарламалау бағыты бойынша – 29 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысында математика пәні бойынша 12 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ дәрежелі дипломына – 3, ІІІ дәрежелі дипломына – 8, Құрмет грамотасына – 3 оқушы ие болды.
Бағдарламалау пәні бойынша 9 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ дәрежелі дипломына – 3, ІІІ дәрежелі дипломына – 5, Құрмет грамотасына – 2 оқушы ие болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы