Павлодар облысының білім басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдарстыруымен  Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасында 2024 жылғы 13 мамыр күні мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Балауса» олимпиадасы өткізілді.

Өңірімізде «Балауса» олимпиадасы алғаш рет өткізіліп отыр.

«Балауса» олимпиадасы – бұл балалардың зияткерлік, физикалықпен шығармашылық қабілеттерін, және оларды шығармашылық ойлауды қажет ететін жаңа стандартты емес жағдайларда қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін   мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балаларға  арналған жарыстың  біріктірілген түрі.

 Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мен  балаларды мектепке  оқуға даярлауда   мектепке дейінгі білім берудің рейтингін көтеру.

Олимпиадаға алты тәрбиеленушілерден тұратын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының командалары (қатысушылардың жасы – 6 жас) қатысты. Шараға қатысқандардың жалпы саны облысымыздың білім беру ұйымдарынан 48 тәрбиеленуші болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 36 қатысушы келесі нәтижелерді көрсетті: І дәрежелі диплом иегерлері Павлодар қаласы  №126 сәбилер  бақшасы-эстетикалық даму орталығының «Жұлдыздар» командасы;               ІІ дәрежелі дипломдарына Екібастұз қаласы №15 сәбилер эстетикалық дамыту орталығының «Почемучки» командасы және Ақсу қаласының «Виртуалы» құрама командасы; ІІІ дәрежелі дипломдарын Ақсу қаласы «Жас дарын» құрама командасы; Павлодар қаласы №44 сәбилер бақшасының  «Жалын» командасы; Павлодар қаласы №96 сәбилер бақшасының үйлесімді даму орталығының «Радуга» командасы ие болды.

Құрмет грамоталарымен Екібастұз қаласы №21 ресурстық орталығының «Ақсұнқар» және Павлодар қаласы №6 мектепке дейінгі гимназиясының «Алғыр» командалары марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts