«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 26 сәуірде «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 7-11 сыныптарынан 125 оқушы қатысты, оның ішінде 35 – өзге ұлт өкілдері.

Сайыс қорытындысы бойынша 59 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 9, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 30.

«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу) бағытында I орын – Павлодар қ. №24 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Валиханова Камила және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9-сынып оқушысы Дальке Ева; ІІ орын – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Кабдуова Адиля; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Алдажар Анеля; Павлодар қ. №17 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Кайстра Иван; Ақсу қ. №4 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Назмутдинова Софья; ІІІ орын – дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 8-сынып оқушысы Абылайхан Қарлығаш; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Тайкебаева Камила; дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Уахит Аспандияр; Железин ауданы №1 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Беккер Егор; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Осипов Роман; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Левицкая Дарья.

«Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс) бағытында I орын – Екібастұз қ. Екібастұз ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ермекқызы Камила; ІІ орын – Павлодар қ. №17 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Мамырбекқызы Іңкар; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Хадал Тілеген; Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Калмахан Жасмин; ІІІ орын – Ақсу қ. Жамбыл ЖББОМ 9-сынып оқушысы Хусман Назерке; Баянауыл ауданы Ж. Ағаділов ат. ЖББОМ 10-сынып оқушысы Дүйсен Ғалия; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Абдираимова Алтынай; дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Айтжанов Адлет; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Манарбек Гүлсана; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Султанов Нурмухамет.

«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс) бағытында I орын – Екібастұз қ. №18 ЖББОМ 7-сынып оқушысы Әбдікәрім Әмина және Ертіс ауданы Ш. Уәлиханов ат. ЖББОМ 9-сынып оқушысы Курбанкулов Розимурат; ІІ орын – Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. ЖББОМИ 10-сынып оқушысы Олжатай Назерке; Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 7-сынып оқушысы Ахметова Айдана; дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Бопышева Аружан; Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ 11-сынып оқушысы Козинская София; Павлодар қ. №25 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Рамазанова Амина; Ақтоғай ауданы Абай ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Адайбек Нұрсұлтан; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 8-сынып оқушысы Күмісбек Медина; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Бейсенхан Толғанай; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мерекеқызы Мөлдіршаш; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9-сынып оқушысы Трофименко Максим.

«Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу) бағытында I орын – Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Партияқызы Арайлым және Успен ауданы Константинов ЖОББМ 8-сынып оқушысы Эргашбекова Зарина; ІІ орын – дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Мэлс Аяулым; Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жақсылық Ерасыл; дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Гилазов Ильфат; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9-сынып оқушысы Мищенко Каролина; ІІІ орын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Асқарбек Елдос; Павлодар қ. №25 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Камесхан Нұртілек; Павлодар қ. Ж. Тәшенев ат. ЖББОМ 10-сынып оқушысы Кашимхан Аягөз; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан; Павлодар қ. №11 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Половинко Татьяна; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Сурин Ростислав.

«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту) бағытында I орын – Баянауыл ауданы М.Әуезов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Макажанова Айша және Павлодар қ. №17 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Петрова Полина; ІІ орын – Павлодар қ. Ш. Шөкин ат. ЖББОГМ 7-сынып оқушысы Ибрай Аружан; Аққулы ауданы А. Баймолдин ат. ЖОББМ 7-сынып оқушысы Каиргельдинова Дильнура; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Серғазы Азиза; дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Синицына Валерия; ІІІ орын – Павлодар қ. №2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Тлеухан Мухаммед; Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 8-сынып оқушысы Кенжетай Рабиға; Ақсу қ. М.Қабылбеков ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Мақсұт Сара; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Жәрдембек Досмухамет; Тереңкөл ауданы А. Текенов ат. №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Зинковская Юлия; Екібастұз қ. №1 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Чирвинская Анастасия.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық олимпиадаға қатысады.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts