«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып 2024 жылғы 16 қазанда 9-11 сынып оқушылар арасында 74 қатысушыларымен облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
— оқушылардың мемлекеттік, орыс және шет тілдерді оқуға ынтасын арттыру;
— оқушылардың үш тілде коммуникативтік дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
— әлем бейнесін үш тілде түсінуде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру.
Олимпиада екі тур бойынша өткізілді.
1 тур (жазбаша) – оқушылар ұсынылған тақырыпқа үш тілде эссе жазды.
2 тур (ауызша) – оқушылар берілген тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйледі.
Екінші турға әр пән бойынша 75-100 ұпай жинаған оқушылар 19 қатысушы өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша 19 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші дәрежелі дипломына 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломына 7 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломына 9 оқушы иеленді және олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткені үшін Торайғыров университетінің оқу гранты Павлодар қаласы №29 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқышысы Жасқайрат Камилаға берілді.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы