«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 19 қыркүйекте облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 8-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «Махамбет оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға 3 қала, 10 ауданның жалпы білім беру ұйымдары мен 12 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 65 оқушы қатысты.

Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ұлы арман» — Махамбет шығармасына иллюстрациялық сурет салу; «Ел құтқарар ер едім…» — ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» — Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын…» — жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» — «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Оқулар қорытындысында 32 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І орын – 4, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 16.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ұлы арман» бағытында І дәрежелі дипломмен – Май ауданы Жалтыр ЖОББМ 9-сынып оқушысы Смагулова Балерке; ІІ дәрежелі дипломмен – Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 10-сынып оқушысы Қимыш Дәрия; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Уахит Аспандияр; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Камзатова Хадиджа; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. №7 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бабченко Анастасия; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Дальке Ева; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдажар Әнел; Екібастұз қ. №17 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Тукенова Аружан марапатталды.

«Ел құтқарар ер едім…» бағытында І дәрежелі дипломға – «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Әлібек Әли; ІІ дәрежелі дипломға – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бэрхболұлы Нұрбол; Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Маркс Нұртас; ІІІ дәрежелі дипломға – Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тас Жұмабек; Баянауыл ауданы М.Әуезов атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Төлебек Елдос; Павлодар ауданы Ефремовка ЖОББМ 10-сынып оқушысы Мустафин Ерасыл; Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ 11-сынып оқушысы Шариазден Камила ие болды.

«Шашақты найза, шалқар күй» бағытында ІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. Байет ЖОББМ 8-сынып оқушысы Еркінбайқызы Нұрсәуле; Павлодар қ. Ә. Бөкейхан атындағы ЖОББЛМ 11-сынып оқушысы Кеңес Жансая; ІІІ дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Уахит Әлия иеленді.

«Тартынбай сөйлер асылмын…» І дәрежелі диплом иегері: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Охиттан Нұриден; ІІ дәрежелі диплом – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Дәулетқан Айсұлтан; Баянауыл ауданы Ш. Шөкин атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Сейсенбек Арайлым; Павлодар қ. Ә. Бөкейхан атындағы ЖОББЛМ 11-сынып оқушысы Жылкайдарова Сана; ІІІ дәрежелі диплом – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; Тереңкөл ауданы Томарлы ауылының ЖОББМ 9-сынып оқушысы Базархан Гүлшара; Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Абдрахман Еркебұлан; Ақтоғай ауданы Т. Бигелдинов атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Аманжол Сабина.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» І дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. Өленті ЖНББМ 9-сынып оқушысы Айтбаева Еркежан; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Канапина Медея; Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ертіс ауданы И. Байзаков атындағы ЖНББМ 8-сынып оқушысы Канатова Жансая; Ақтоғай ауданы Қ.Нығманов атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қабдыуахит Нұрай; Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Сабиғанова Аружан марапатталды.

Облыстық конкурстың жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts