Білім алушылардың зияткерлік шығармашылығын және зерттеу қызметін дамыту мақсатында 2022 жылғы 30 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық конкурсқа физика, жер және ғарыш туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі 17 секция бойынша 350 жобамен 520 оқушы қатысты. Биылғы оқу жылында ең көп қатысушы жинаған секциялар: тіл білімі — 55 оқушы, әдебиет — 38 оқушы.
Байқау қорытындысында 146 жобамен 180 қатысушы жүлделі орынға ие болды. І дәрежелі дипломмен – 20 жобамен 26 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен –40 жобамен 51 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен –86 жобамен 103 оқушы марапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері — 8-11 сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 13-14 желтоқсанда жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу өтеді. Тестілеудің қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жобалар республикалық конкурсқа қатысу үшін алдын ала сараптамаға жіберілетін болады, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 секция бойынша ең көп ұпай жинаған 12 жобаның авторлары республикалық кезеңге қатысады.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы