Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 14-17 тамыз күндері жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық «Абай оқуларын» өткізді.

Конкурс 6 бағыт бойынша өткізілді: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Ұлылар әлемі», «Абайдың қара сөздері», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Көңілім әнді ұғады», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары».

Павлодар облысынан республикалық шараға облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен «Абайдың қара сөздері» бағытында Тереңкөл ауданы Песчан №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Коракова Меруерт, ІІ дәрежелі дипломмен «Ұлылар әлемі» бағытында Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Сайыпова Асем, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында Ақсу қаласы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Дорбетхан Аружан марапатталды. Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Иманшарипова Алия және Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушысы Шакенова Айриза ХХІІІ республикалық Абай оқуларында көрсеткен белсенділігі мен қол жеткен ерекше жетістіктері үшін грамоталарына ие болды.

Ұйымдастыру комитеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts