Павлодар облысының құрама командасы 2022 жылғы 30 маусым – 8 шілде аралығында математика, физика, химия, информатика пәндері бойынша «Туймаада» XXIХ Халықаралық олимпиадасына (бұдан әрі – Олимпиада) онлайн режимде қатысты. Олимпиадаға Павлодар облысы құрамында 20 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты-қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау, әртүрлі елдердің оқушылары арасындағы тығыз байланыстарды нығайту, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамыту. Олимпиадаға Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Монголия, Индонезия, Қазақстан командалары барлығы 400 оқушылар қатысты.
Павлодар облысының намысын 20 оқушы қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар 8 медальді жеңіп алды: 3 алтын, 1 күміс, 4 қола. Алтын медаль иегерлері: математика бойынша – Роговский Владимир, 9 сынып оқушысы (мұғалімі – Стадникова Лилия Викторовна), физика бойынша – Нұртаев Даир, 10 сынып оқушысы (мұғалімі – Билида Анатолий Николаевич, химия бойынша – Илюсизов Ринат, 9 сынып оқушысы (мұғалімі — Колдашева Оксана Владимировна). Күміс медальге информатика пәнінен 11 сынып оқушысы Гончаров Матвей иеленді (мұғалімі-Васина Светлана Геннадьевна). Қола медальдар: физика пәні бойынша – Ораз Ануар, Шишкин Алексей, 9, 10 сынып оқушылары (мұғалімі — Билида Анатолий Николаевич); химия пәні бойынша – Балғабаев Тамерлан, Галикберова Милана, 9, 11 сынып оқушылары (мұғалімі — Колдашева Оксана Владимировна). Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің оқушылары (директоры – Бабыкова Гаухар Кабдыровна).