«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 10 наурызда дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында алғаш рет республикалық «Ілияс оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Облыс кезеңіне жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан аудан және қалалық кезеңдерінің жеңімпазы мен жүлдегері атанған 42 оқушы қатысты. Ілияс Жансүгіров Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, жас ақындарға әлеуметтік рухани қолдау көрсету, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Ережеге сәйкес байқау 3 бағыт бойынша өтті. «Конкурс қатысушылары жыр Құлагері атанған Ілиястың өлеңдерін, прозалық, драматургиялық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыды, ал жас ақындар өз туындыларымен таныстырды», — деді «Ертіс дарыны» орталығының басшысы Шаймұрат Азамат Боранбайұлы. Облыс кезеңінде 18 оқушы жеңіске қол жеткізді, оның ішінде І орын – 3; ІІ орын – 6; ІІІ орын – 9.  «Ілияс – эпик ақын» бағытында І дәрежелі дипломмен – Ақсу қаласы Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Темиргалиева Аяулым; ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы Ақкөл жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Жүсіпбай Тәттігүл; Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Ерғали Пәриза; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласының №38 жалпы негізгі білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Дауыржан Ердамыс, Май ауданы Май жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Аубакирова Айгерим марапатталды.  «Жазушы өлендерін, проза, драмалық шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу» бағытында І дәрежелі дипломға – Баянауыл ауданы Ж.Аймауытов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Шәкен Айсәуле; ІІ дәрежелі дипломды – Аққулы ауданы Б.Уахатов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Сакен Сабина, Екібастұз қаласы Құдайкөл жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Сүйеніш Аяулым; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №38 жалпы негізгі орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Хунафия Айдана, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының  6 сынып оқушысы Нургалиев Чингиз, Ақсу қаласы Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Маратқызы Нұрдана ие болды. «Жас ақындар» бағытында І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Рафаилов Бейбарыс; ІІ дәрежелі дипломды – Май ауданы Саты негізгі орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Калелова Алтынай, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Тулебаева Найля; ІІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы Б.Уахатов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Мерғалым Ерхат, Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 10 сынып оқушысы Нургалиева Сабина, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 7 сынып оқушысы Күмісбек Медина, Ақсу қаласы Үштерек жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Мақсатхан Қымбат иеленді.

Облыстық конкурс жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі

 Ж.Абаильдинова

Similar Posts