Павлодар қаласының Ж. Тәшенев жалпы орта білім беру мектебінде 2024 жылғы 22 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық кезеңге зерттеу жұмыстарымен айналысатын 335 жоба (445 қатысушы) авторлары өз жұмыстарын ұсынды.
Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Зерттеу жобалары 12 секция бойынша қорғалды: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі», «Математика, қолданбалы математика», «Физика, космос», «Туризм және спорт», «Тарих, өлкетану», «Этномәдениеттану», «Химия, биология», «Медицина, психология, экология», «Информатика, робототехника, STEM инженерия», «Технология және өнер».
Конкурстың қорытындысы бойынша 230 жобаның авторы (311 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 24 жобаның авторы (30 қатысушы), ІІ-ші орында – 64 жобаның авторы (81 қатысушы), ІІІ-ші орында – 142 жобаның авторы (200 қатысушы). Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезең жеңімпаздары «Зерде» республикалық конкурсқа жолдама алды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы