Дарынды балаларды қолдау және ынталандыру мақсатында 2023 жылғы 16 маусымда «Достық үйінде» Павлодар облысы әкімдігінің дарынды балаларды марапаттау рәсімі өткізілді.

Оқу жылының қорытындысы бойынша облысымызды әртүрлі деңгейдегі беделді шараларда лайықты көрсете білген оқушыларды құрметтеу жақсы дәстүрге айналуда. Бұл өздерін зияткерлік салада дәлелдеп, халықаралық, республикалық олимпиадаларда өңіріміздің даңқын шығара білген 47 жүлдегер.

Салтанатты кездесу барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Батыргужинов Серик Барлыбаевич облыс әкімінің атынан қатысушыларға Алғыс хат, 100 мың ақшалай сертификат табыстады.

Облысы әкімінің орынбасары кездесу қатысушыларына арналған сөзінде барлығын жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың таланттары мен қабілеттері қоғам игілігіне қызмет етеді деген сенімділігін білдірді, оқушыларға еліміздің патриоты болуды тіледі. Жеке алғысын Батыргужинов С.Б. ата-аналар мен ұстаздарға жолдады.

Халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері, дарынды  балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Шишкин Алексей облысымыздың құрама командасының атынан Серік Барлыбаевичке алғысын білдіріп, естелік кәдесый табыстады.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts