Қарағанды қаласында академик Е. А. Бөкетов атындағы  университетінің базасында 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәні бойынша XV Президенттік мерейтойлық олимпиада өтті

         Президенттік олимпиада – бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба.

Екі күн ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 191 оқушы үздік болу құқығы үшін күресті. Павлодар облысын 8 оқушыдан тұратын команда таныстырды: № 8 мектеп-лицейінің оқушылары Остапенко Артем, Хачунский Тимофей, Саенко Александр; «Жас дарын» мектеп-лицейінің оқушысы Совет Мөлдір; Абай атындағы гимназияның оқушысы Жанкарина Жансая; Павлодар қаласының. Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ оқушысы Әубәкіров Санжар; Крайнова Карина мамандандырылған № 1 лицей мектеп оқушысы; Екібастұз қаласының № 6 мектеп-лицейінің оқушысы Прудников Михаил.

ХV Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңінде Павлодарлық оқушылар төрт жүлделі орынға ие болды.

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Остапенко Артем, Хачунский Тимофей, Саенко Александр І дәрежелі дипломымен марапатталды; ІІI дәрежелі дипломына «Жас дарын» мектеп-лицейінің оқушысы Совет Мөлдір ие болды.

Президенттік олимпиада жеңімпаздарына білім беру гранттары берілді: № 8 мектеп-лицей оқушыларына Остапенко Артем, Саенко Александр — Қазақстан-Британ техникалық университетінің 100% гранттары, Саенко Александр — Торайғыров университетінің гранты.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts