Қарағанды қаласында академик Е. А. Бөкетов атындағы  университетінің базасында 21-24 қараша аралығында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәні бойынша XVI Президенттік олимпиада өтті

         Президенттік олимпиада – бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба.

Екі күн ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 199 оқушы үздік болу құқығы үшін күресті. Павлодар облысын 13 оқушыдан тұратын команда таныстырды.

Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары орындарының PhD докторлары мен магистері бағалады.

XVI Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңінде Павлодарлық оқушылар алты жүлделі орынға ие болды.

          Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Сурин Ростислав,  Бисимбаева Алуа және Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Абишев Нариман І дәрежелі дипломымен марапатталды.

 ІІ дәрежелі дипломымен- дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының оқушысы Солдатенко Яна.

 ІІI дәрежелі дипломына Екібастұз қаласының  дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 1 лицей-мектебінің оқушысы Людинин Александр және Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназиясының оқушысы Темкешев Рауан  ие болды.

Президенттік олимпиада жеңімпаздарына білім беру гранттары берілді: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің окушылары Сурин Ростилавқа, Бисимбаева Алуаға, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Солдатенко Янаға Alikhan Bokeikhan University 100% гранты; Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Абишев Нариманға- Өзбекәлі  Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне100% гранты.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts