Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кітап оқитын ұлтты қалыптастыру үшін жас қазақстандықтар арасында оқу мәдениетін дамытуға және ілгерілетуге ерекше назар аударғаны белгілі.

Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі Жол картасына сәйкес Астана қаласында 2 қарашада республикалық балалар оқулары өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – кітап оқуға қызығушылықты қалыптастыру, өскелең ұрпаққа өз еліне мақтаныш сезімін ояту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын түсіндіру.

Павлодар облысынан республикалық шараға өңірлік кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Байқау барысында қатысушылар туған өлкенің тарихы, мәдениеті, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидалары бойынша сұрақтарға жауап беріп және эссе жазды.

Республикалық балалар оқуларының қорытындысында байқау комиссияның шешімі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Ертіс ауданы №4 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Дусюнбаева Анель және Павлодар қаласы Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Сулейменова Алтын марапатталды. Дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 3 сынып оқушысы Әлхан Нұртөре және Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Ералиева Ақмаржан Алғысхатқа ие болды.

Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts