«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Атырау облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2024 жылғы 3-4 қазан аралығында отарлау саясатына қарсы азаттық қозғалыстың жарқын өкілі, қазақ халқының біртуар тұлғасы, батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған республикалық байқау өткізді.

Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім…» – ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: Май ауданы Жалтыр ЖОББМ 9-сынып оқушысы Смагулова Балерке;  «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Әлібек Әли; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Охиттан Нұриден; Екібастұз қ. Өлеңті ЖНББМ 9-сынып оқушысы Айтбаева Еркежан.

Республикалық шара қорытындысы бойынша «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағытында Айтбаева Еркежан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Similar Posts