Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы 2024 жылғы 23-25 маусым аралығында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабайға арналған «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауын өткізді.

Шара қатысушыларына ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою, Абылайхан резиденциясына саяхат, мәдени-танымдық кеш, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Байқау үш бағыт бойынша өткізілді: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ақын шығармашылығы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын қорғау; «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақындар сайысы.    

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың «Бас жүлде» иегерлері қатысты: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Аманжол Ақбота; Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; Екібастұз қаласы №36 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Хумарбек Махсат.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын қорғау бағытында Хумарбек Махсат ІІ дәрежелі дипломға ие болды; Мағжан шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуда Аманжол Ақбота және жас ақындар сайысында Жұмажан Назерке ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлық табысталды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Similar Posts