Алматы облысы білім басқармасының «Жас дарын» оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 16-17 маусым аралығында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларын» өткізді.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» (ақын өлеңдерін жатқа оқу), «Жыр эстафетасы» («Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп жатқа оқу), «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» (жас ақындар).

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: Тереңкөл ауданы Қ. Оспанова атындағы №3 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Багай Медина; Аққулы ауданы А. Баймолдин атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Маненова Адия; Аксу қ. Ю. Гагарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында ІІ дәрежелі дипломмен және 50 000 ақшалай сыйлықпен жас ақын Тіленіш Еркебұлан марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts