Республикалық ғылыми жобалар конкурсында павлодарлық оқушыларының жетістіктері

 

Оқушылардың  республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында офлайн форматта өткізілді. Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – бұл «Қазақстан–2050» стратегиясы аясында республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму модельдері» тақырыбындағы мектеп оқушыларының ғылыми зерттеулер конкурсы. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді: «Ғылыми-техникалық прогресс –экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»; «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»; «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі»; «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттар». Оқушылардың ғылыми жобалар конкурсына 14 облыстан, Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және республикалық білім беру ұйымдарынан 749 оқушы 597 жобамен қатысты. Павлодар облысының намысын өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 41 оқушы 33 жобамен қорғады. Республикалық байқау қорытындысы бойынша облыс командасы 22 медальға ие болды: 2 алтын, 11 күміс, 9 қола. І орын – Крючков Владислав, Линник Дарья, Екібастұз қ. №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары (секция «математика»). ІІ орын – Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида (секция «физика»); облыстық көп салалы лицей-интернатының 10 сынып оқушылары Айткерей Гүлназ, Карипенова Дана (секция «экономика»); №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Колдашева Амелия, Тимошенко Анастасия; Быченко Дарья, Степанова Антонина, №8 мектеп-лицейінің 9 және 10 сынып оқушылары (секция «қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау»); Қанаш Ернур, Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы (секция «өлкетану»); Төкен Асылхан, Жанат Арай, Антмухаметова Анель, Ы. Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 10 және 11 сынып оқушылары (секция «өлкетану», «этномәдениеттану»). ІІІ орын – Омар Айбала, облыстық көп салалы лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (секция «экономика»); Қадырхан Нұржан, облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (секция «қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы»); Юревич Семен, Павлодар қ. №34 ЖОББМ 9 сынып оқушысы; Жанатова Асем, Абай атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы (секция «тіл білімі»); Яковец Анастасия, Павлодар қ. №29 ЖОББМ 9 сынып оқушысы; Аладинская Римма, Гусейнова Нармин, Екібастұз қ. №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары (секция «адам және қоғам»); Альсеитова Зарема, Каиркен Күлшум, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушылары. «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен марапатталғандар: облыстық көп салалы лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Белокурова Злата, Абай атындағы гимназияның 11 сынып оқушылары Елеусизова Әйгерім, Нұрғазина Қарақат (секция «қолданбалы математика»), Павлодар қ. М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Рубан Арина (секция «әдебиет»); Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс (секция «этномәдениеттану»). С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім гранттарының иегерлері: Каиркен Күлшум, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы; Қанаш Елнұр, Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы. Шәкәрім Университетінің гранттарына ие болғандар: Альсеитова Зарема, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы; Крючков Владислав және Линник Дарья,  Екібастұз қ. №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары; Қадырхан Нұржан, облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts