Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында химия пәні бойынша халықаралық олимпиада (IChO-2024) өз мәресіне жетті. Интеллектуалдық жарыста әлемнің 88 мемлекетінен 350-ден астам оқушысы бақ сынады. Олимпиада теориялық және эксперименттік турлардан тұрды. Екі тур да 5 сағатқа дейін созылды. Қазақстан құрама командасына дарынды балаларға арналған № 8 лицей мектебінің оқушысы Ринат Илюсизов кірді. Халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Илюсизов Ринат алтын медаль иегері болып атанды (мұғалімі: Колдашева Оксана Владимировна).

Similar Posts