М. А. Алексеев атындағы «Туймаада» халықаралық оқушылар олимпиадасы биыл 3-11 шілде аралығында өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Румыния және Индонезияның түрлі аймақтарынан 234 оқушы қатысты. Шет мемлекеттердің оқушылары қашықтықтан қатысты.

Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша химиядан күміс медальді Бектұрсын Дәрия (мұғалім – Молокова Ирина Николаевна), математикадан қола медальдарды — Катунина Юлия, Шубладзе Юрий (мұғалім — Стадникова Лилия Викторовна), дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары жеңіп алды.

Similar Posts