Астана  қаласында 19-22 қараша аралығында «Зерде» дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектеп базасында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәні бойынша    XVII Президенттік олимпиада өтті. Президенттік олимпиада – бұл еліміздің дарынды оқушыларын  анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. Екі күн ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 190 оқушы үздік болу құқығы үшін күресті. Павлодар облысын 13 оқушыдан тұратын команда таныстырды. Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары орындарының PhD докторлары мен магистері бағалады. XVII Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңінде Павлодарлық оқушылар бес  жүлделі орынға ие болды. Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Темиргалиева Камила,  Трубникова Диана І дәрежелі дипломдарымен және алтын медальдарымен  марапатталды. ІІ дәрежелі дипломдарына және күміс медальдарына  дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Садвакасов Жан,   Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназиясының оқушысы Седлецкий Роман иеленді. ІІI дәрежелі дипломына дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Голованёв Родион ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Президенттік олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts