Анталия қаласында (Түркия) 8-13 мамыр аралығында математика пәні бойынша оқушылардың Халықаралық Балқан олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам қатысушы қатысты. Қазақстан құрама командасы 6 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей- мектебінің 10 сынып оқушысы Роговский Владимир кірді.
Халықаралық Балқан олимпиадасының қорытындысы бойынша Роговский Владимир (мұғалім-Стадникова Лилия Викторовна) қола медаль иегері атанды.
Владимир мен педагогтарды жетістіктерімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!