2022 жылдың 15 мамырында «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің базасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов атындағы математика пәні бойынша олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласының жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 6-7 сыныптарының 53 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 16 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. I дәрежелі дипломдармен 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен — 5 және ІІІ дәрежелі дипломдармен – 7 оқушы марапатталды.

Қорытындылары

 

Similar Posts