Эгер қаласында (Венгрия) 2022 жылғы 6-12 сәуір аралығында қыздарға арналған Математика пәні бойынша Еуропалық олимпиада өтті (European Girls’ Mathematical Olympiad). Қазақстан командасы бұл олимпиадаға 5 рет (2017 жылдан 2021 жылға дейін) қатысты.
Биылғы оқу жылында төрт адамнан тұратын команда құру үшін ағымдағы жылдың 26 және 27 ақпанында іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу қорытындысы бойынша Абай атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Кенжебаева Айжан және дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Одинцова Анастасия республиканың құрама командасының Еуропа Олимпиадасына қатысуға жіберілді.
Біздің қыздарымыздың қатысу нәтижесі — Абай атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Кенжебаева Айжан — қола медаль (мұғалімі – Омарова К.Т.); дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Одинцова Анастасия – Құрмет грамотасы (мұғалімі – Л.В. Стадникова).
Қыздарымызды құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы