Қазақстан ұлттық командасының құрамында дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің түлектері Рахымжанов Дінмұхамед, Лим Владимир 2022 жылғы 10-17 шілде аралығында қашықтық форматында өткен физика пәні бойынша Халықаралық олимпиадаға (IPhO) қатысты. Ұйымдастырушы ел-Цюрих қ. (Швейцария). Олимпиадаға әлемнің 75 елінен 368 оқушы қатысты. Қазақстанның құрама командасы 5 оқушыдан тұрды, олар  бір алтын, төрт күміс медаль жеңіп алып, әлемнің үздік жас физиктер қатарынын көрінді.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің түлектер – Дінмұхамед пен Владимир күміс медальғе ие болды (мұғалімі-Билида Анатолий Николаевич).

Баршаңызды жеңіспен құттықтаймыз!

Similar Posts