«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2023 жылғы 16-18 наурыз күндері Щучинск қаласы ( Ақмола облысы) 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Конкурстың негізгі мақсаты — балаллардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, оның ішінде Павлодар облысынан 25 жоба (28 оқушысы) қатысты. Конкурс 12 секция бойынша өткізілді: математика, қолданбалы математика; информатика, робототехника, STEM инженерия; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; физика, космос; медицина, психология, экология; химия, биология; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; туризм және спорт; технология және өнер.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушылар 12 жүлделі орынға ие болды: І орын – 1 оқушы; ІІ орын – 6; ІІІ орын –5, Құрмет грамотасы — 4.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы