Облыстық  ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылғы 2-4  ақпанда  онлайн режимінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру.  Олимпиадаға алты пән бойынша  305 оқушы қатысты .Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар 127 жүлделі орынға ие болды:  І орын – 11 оқушы; ІІ орын – 36; ІІІ орын –80.Облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ағымдағы жылдың сәуір айында республикалық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңіне офлайн форматта қатысады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

Similar Posts