Ұлы Абай шығармашылығына арналған сайыс
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ХХІІІ облыстық Абай оқулары 2022 жылғы 8 ақпанда онлайн режимде өткізілді. Конкурстың екі бағыты – «Көңілім әнді ұғады» (Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау); «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас ақындардың өз шығармалары) – алдын ала жазылып, жіберілген видеоматериалдар бойынша бағаланды.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу); «Абайдың қара сөздері» (ақын қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу); «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу) «Ұлылар әлемі» (Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына қатысты эссе жазу) бағыттары ZOOM платформасында өтті.Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 115 оқушы қатысты.Сайыс қорытындысы бойынша 43 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 6, ІІ орын – 14, ІІІ орын – 23.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында I орын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Иманшарипова Алия; ІІ орын – дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Даянқызы Алтын; Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ 9-сынып оқушысы Амандықұлы Ернұр; Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ 11-сынып оқушысы Оралова Диана; ІІІ орын – Екібастұз қ. С.Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Заркеш Аяжан; Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Қуан Қуат; Тереңкөл ауданы Березовка ЖОББМ 9-сынып оқушысы Молдахан Абзал; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Базарбай Мерейгүл. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында I орын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Аянбекұлы Жанболат; ІІ орын – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 10-сынып оқушысы Дорбетхан Аружан; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Тулебаева Найля; ІІІ орын – Екібастұз қ. №2 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Сатпаева Айдана; Успен ауданы №3 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Аскаров Есмухан; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Қазбек Ибраһим.«Көңілім әнді ұғады» бағытында I орын – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 8-сынып оқушысы Шакенова Айриза; ІІ орын – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Әли Төлен; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Бауыржанұлы Санжар; ІІІ орын – Павлодар қ. №25 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Смагулов Дамир; Ақсу қ. №1 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Касенова Сабира; Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 9-сынып оқушысы Еркін Айсана; Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ 9-сынып оқушысы Искакова Аружан, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Кабир Дания.«Абайдың қара сөздері» бағытында I орын – Тереңкөл ауданы Песчан №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Коракова Меруерт; ІІ орын – Май ауданы Қазан ЖОББМ 10 сынып оқушысы Қалайбекова Дария; Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Каиржанова Аида; ІІІ орын – Павлодар қ. №17 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек; Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Жүністай Темірлан; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Манарбек Гүлсана.«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында I орын – Тереңкөл ауданы Березовка ЖОББМ 8 сынып оқушысы Дамысұлы Мирас; ІІ орын – Аққулы ауданы А. Баймолдин ат. ЖОББМ 8 сынып оқушысы Маненова Адия; Баянауыл ауданы Ж. Аймауытов ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Шәкен Айсауле; ІІІ орын – Екібастұз қ. Құдайкөл ЖОББМ 8 сынып оқушысы Тилегқызы Гулназ; Ертіс ауданы И. Байзақов ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Сепенова Айғаным; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Жұмабай Қосман.«Ұлылар әлемі» бағытында I орын – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Сайыпова Асем; ІІ орын – Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мубарякова Аружан, Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мұхтарова Ділназ; ІІІ орын – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Болатова Дина; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Кабиденова Нурия, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Турлубаева Азалия, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9-сынып оқушысы Томм Эвелина, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Омар Айзере.Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.2018-2019 оқу жылы облыс оқушылары республикалық «Абай оқуларында» екі жүлделі орынға ие болып, І, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды; 2019-2020 оқу жылы бір оқушы ІІ дәрежелі дипломды және екі оқушы ІІІ дәрежелі дипломды иеленді; 2020-2021 оқу жылы бір оқушы І дәрежелі дипломға, екі оқушы ІІ дәрежелі дипломға және бір оқушы ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы