«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 24 сәуірде Павлодар қаласы №36 жалпы орта білім беру мектебінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиада келесі 8 пән бойынша өтті: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
Павлодар облысынан республикалық олимпиадаға облыстық кезеңде бірінші орын алған 12 оқушы бағын сынап келесі нәтиже көрсетті:
Қазақстан тарихы пәнінең ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы №38 негізгі жалпы білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Хайратұлы Жігер марапатталды; Ағылшын тілі – ІІ дәрежелі дипломға Павлодар қаласы №11 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Степанян Арам ие болды; Орыс тілі мен әдебиет пәнінең ІІІ дәрежелі дипломына Павлодар қаласы №41 жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Соколова Виктория және Павлодар қаласы Ш.Шөкин ат. жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Жукова София иеленді; Қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі пәнінең ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №8 лицей мектебінің 6 сынып оқушысы Хамитова Саида марапатталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарына Салих Аружан, Марзалыев Султан, Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 5,6 сынып және Айтмұхамбет Арайлым, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 6 сынып оқушылары иеленді.