Алматы қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында 2022 жылғы    18-20 мамыр аралығында 9-11 қазақ сыныптарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Абайтану» IV Республикалық олимпиадасы өтті Оған Қазақстанның барлық өңірінен құрамында 130-дан астам қатысушы бар 32 команда қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – Абайдың шығармашылық өміріне назар аудару, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын меңгеру арқылы зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының 9 және 11 сынып оқушылары Омар Айзере мен Аянбекұлы Жанболат ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Құрмет грамоталарының иегерлері: «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10-сынып оқушысы Қабылбек Арай, Екібастұз қаласы            №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Сланбекова Сагида, Павлодар қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектебінің         10-сынып оқушысы Қали Гүлназ, Павлодар қаласы №38 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Солтанмұрат Аяулым, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 9, 10 және 11-сынып оқушылары Рамазанова Дильназ, Тұрархан Толғанай, Ерсинова Саида.

Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts