Философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2024 жылғы 16 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыкалық мектебінде республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өткізілді.

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашыл жас өрендер додасын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен төртінші рет республикалық деңгейде өткізіп жатыр.

Сайысқа 13 облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және бір республикалық білім беру ұйымынан 63 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 33 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 4, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 15.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені Павлодар облысы Ақсу қаласы Ю.Гагарин ат. жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы  Тіленіш Еркебұлан; І орынды – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы  дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Ельмухамбетов Саят; ІІ орынды – Жамбыл облысы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Қанат Нұрғанат; Атырау облысы Атырау қаласы  облыстық дарынды балаларға арналған  ұлттық гимназиясының 9-сынып оқушысы Зайыр Әли; ІІІ орынды – Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Бектенов Хангелді; Жетісу облысы Алакөл ауданы А. Байтұрсынұлы ат. орта мектебінің 11-сынып оқушысы  Көбей Мансұр; Абай облысы Абай ауданы Қарауыл жалпы білім беру гимназиясының 9-сынып оқушысы  Серікқазиева Жансая; Түркістан облысы Шардара ауданы Қ. Аманжолов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы  Байдулла Ерғали иеленді.

         «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми жоба қорғауда Бас жүлдеге Жетісу облысы Алакөл ауданы О. Молдағожин ат. орта мектебінің 9-сынып оқушысы Секен Аружан; І орынға – Ақтөбе қаласы Д. Қонаев ат. жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы  Өтеулина Азэля; ІІ орынға – Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Халел Нұрай; Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Ж. Қаппаров ат. №5 физика-математикалық мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Міркәрім Дінмұхамед;  ІІІ орынға – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №19 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қуаныш Исмайл; Алматы қаласы Түрксіб ауданы С. Сейфуллин ат. №74 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Мұратбекқызы Мадина; Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы Ә. Марғұлан ат. жалпы білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Найзабай Әлібек; Карағанды облысы Теміртау қаласы Ғ. Мұстафин ат. жалпы білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Амантай Назерке ие болды.

«Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазуда Бас жүлдені Абай облысы Ақсуат ауданы Тана мырза орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қарлыбек Ернұр; І орынды – Ақмола облысы Көкшетау қаласы Абай ат. дарынды балаларға арналған №3 мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Дулатова Алуа; ІІ орынды – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №21 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әсет; Карағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақтасты ауылының №32 жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы  Керейбай Ілияс; Алматы облысы Ұйғыр ауданы Абай ат. мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Әбен Нұрай; ІІІ орынды – Жамбыл облысы Тараз қаласы Б. Момышұлы ат. №45 гимназиясының  10-сынып оқушысы Саттаркулова Айзере; Ұлытау облысы Ұлытау ауданы №17 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы  Болат Аңсаған; Түркістан облысы Кентау қаласы Б. Момышұлы ат. №12 жалпы орта білім  беру мектебінің 10-сынып оқушысы  Сарқытбай Гаухар жеңіп алды.

         «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  сипаттау бағытында Бас жүлде иегері – Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Садық Мәди;  І орын – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Ш. Мұңалұлы ат. №5 жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қуандық Сымбат; ІІ орын –  Шымкент қаласы дарынды балаларға арналған  №90 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Бердинияз Гүлсезім; Ақтөбе облысы М. Құсайынов ат. дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Серғалиева Сымбат; Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрқуат Айбұлақ; ІІІ орын – Алматы қаласы Жетісу ауданы №109 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Рахметилда Улдана; Абай облысы Ұржар ауданы М. Хасенов ат. Бестерек орта мектеп-бақшасының 9-сынып оқушысы Төкенова Ажар; Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы Ж. Боғанбаев ат. мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Отарбаева Әдемі; Атырау облысы Атырау қаласы облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 10-сынып оқушысы Алтыбай Орынбасар.

Байқау қатысушылары мен жетекшілерге Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне бару ұйымдастырылды.

Республикалық шара аясында қатысушыларды дайындаған мұғалімдерге «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: ұлттың танымдық және саналық көрінісі»  тақырыбында өткізілген семинарда Торайғыров Университеті кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жүсіпов Нартай Қуандықұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Елікпаев Серік Төлеубайұлы; Торайғыров Университеті филология ғылымдарының кандидаты, профессор Капасова Бахытгүл Касымбаевна әдістемелік дәріс оқыды.

Шара қатысушыларына  сертификаттар  берілді.

Similar Posts