Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 28-30 сәуір аралығында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсын өткізді.
Облыстық және қалалық кезеңдерінің 97 жеңімпаздарының жұмыстары қаралған республикалық шараға Павлодар облысының 7 оқушысы қатысты.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.
Конкурс төрт бағытта өтті:
— «Туған өлке табиғаты»;
— «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем»;
— «Үздік экологиялық бастама»;
— «Таза қала сізден басталады».
Сайыс қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 4-сынып оқушысы Мэлс Акимхан және 7-сынып оқушысы Бурцева Эвелина ІІ дәрежелі дипломдарға, Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Нуриденов Мансур ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Әсетқызы Асыл «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамоталасымен марапатталды.


.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts