«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 12 қыркүйекте Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған V облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту;  оқушылардың өз халқының тарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, ақын Жүсіпбек Аймауытовтың 135-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында V облыстық гуманитарлық олимпиаданың тақырыбы ретінде «Ақбілек» романы сайланды.

Жазғы демалыс кезінде оқушыларға осы екі романды оқып, оларға және онда бейнеленген тарих кезеңіне арналған ғылыми әдебиетпен танысу қажет болды.

Шараға 56 оқушы қатысты, оның ішінде 40 – мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерден, 16 – орыс тілінде оқытылатын мектептерден.

Олимпиада екі кезеңде өтті: І – тест тапсырмаларын орындау; ІІ – эссе жазу.

Сайыс қорытындысында 22 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 1, ІІ дәрежелі дипломмен – 7, ІІІ дәрежелі дипломмен – 14.

І дәрежелі дипломға – Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 11-сынып оқушысы Бекболат Мадина ие болды.

ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ 10-сынып оқушысы Морош Анастасия; Тереңкөл ауданы А. Елгин ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Исимбаева Лиана; Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев ат. 11-сынып оқушысы Жұмабекқызы Әлия, №3 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Хлобышева Дарья, 11-сынып оқушысы Белоусько Валерия; Баянауыл ауданы М. Әуезов ат ЖОББМ 11-сынып оқушысы Хайролла Фатима және Майқайың №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Кушенова Сабина.

ІІІ дәрежелі дипломды – Ақтоғай ауданы М. Қайырбаев ат. ЖОББМ 11, 9-сынып оқушылары Құрманғазы Айзада және Билялова Дильназ, Қ. Ыдырысов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Рашитова Аяулым; Тереңкөл ауданы Алтай ауылының ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сыздыкова Диляра; Екібастұз қ. №14 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұматай Нұрасыл; Павлодар қ. №38 ЖНББМ 9-сынып оқушысы Рамазан Ағайша, Жетекші ЖОББМ 11-сынып оқушысы Тулеубаева Анель; Баянауыл ауданы, Майқайын №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Мухтарова Карина; Шарбақты ауданы Галкино ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бауыржан Мөлдір; Павлодар ауданы Розовка ЖОББМ 11-сынып оқушысы Загорский Никита және Ямышев ЖОББМ 10 –сынып оқушысы Мусай Күнсұлу; Ақсу қ. Еңбек ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ахметова Азиза және Қызылжан ОМ 10-сынып оқушысы Сулайманова Дильбархон; Железин ауданы №2 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Чуприкова Ева.

 

 «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

шығармашылық даму бөлімінің

әдіскері Б.З. Жапарова

Similar Posts