«ЖАС КЕМЕҢГЕР» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ОҚУ МЕКТЕБІ БОЙЫНША АҚПАРАТ

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 2023-2024 оқу жылының ауыл мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына «Жас кемеңгер» облыстық сырттай мектебі: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика, химия, физика, биология, жаратылыстану, география пәндері бойынша өз жұмысын жалғастырады. Мектеп жұмысы екі тур бойынша жүргізіледі (Кестесі қосымша берілді). Берілген мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды. (Ескерту: Павлодар, Екібастұз және…

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13 қазанда жалпы білім беру және мамандандырылған ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізіледі. Байқау өткізу уақыты: сағат 09.00. – 12-30-ға дейін. Өткізу орны: Павлодар қ. Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебі (Ворушин көш. 6/2)  …

Республикалық «Мағжан оқулары» байқауы облыстық кезеңіңің қорытындысы

Республикалық «Мағжан оқулары» байқауы облыстық кезеңіңің қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 29 қыркұйекте 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 10 аудан, 3 қала және 12 мамандандырылған мектептен 50 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысында 21 оқушы жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен –…

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІ республикалық жас ақындар айтысы

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІ республикалық жас ақындар айтысы

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 27-29 қыркүйек аралығында екінші рет Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өткізілді. Республика көлемінде өткізілген айтыскерлер додасына жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарынан 32 оқушы қатысты, соның ішінде Павлодар облысынан 2 жас ақын. Шара қатысушыларына Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» мұражайына, Сүйінбай,…

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы өткізу туралы

Жаратылыстану — математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі — Олимпиада) 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың негізгі идеясы — орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын…

«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат

Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік  қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 29 қыркүйекте жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізіледі. Өткізу орны: дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы (Толстой көш., 95). Өткізу уақыты: сағат 14.00. – 16.30-ға…

7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасын өткізу туралы

«Астана Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды аңықтау және қолдау орталығы «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясының қолдауымен 2023-2024 оқу жылында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық Олимпиадасын өткізетінін хабарлайды. Олимпиаданың мақсаты — географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылыгын арттыру. Олимпиада 3 кезеңнен, екі…

ІV облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындысы

ІV облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15 қыркүйекте Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған ІV облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту; оқушылардың өз халқының тарихы…

Облыстық көптілділік олимпиадасын өткізу туралы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров университетімен бірлесіп облыстық көптілділік олимпиадасын өткізеді. Олимпиада 2023 жылғы 18 қазан күні «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында  (Ломов к., 64) өтеді. Ережеге сәйкес Олимпиадаға қатысушылар тапсырмаларды 3 тілде орындайды: қазақ (міндетті), орыс (міндетті) және ағылшын, француз, неміс, қытай (таңдау бойынша). Олимпиадаға қатысуға 9, 10, 11 сынып оқушылары…