Ш. Смағұлов атындағы математикалық олимпиаданың ІІ кезеңі

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылдың 23 сәуірінде  6-7 сынып оқушылары арасында «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО базасында (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189) Ш. Смағұлов атындағы математикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің өткізілуі туралы хабарлайды. Олимпиаданың ІІ кезеңіне І кезең жеңімпаздары  шақырылады (тізімі қоса беріледі). Олимпиаданың өткізу уақыты: 10.00-13.00. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-ден 9.30-ға дейін. 26…

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық  экологиялық жобалар конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы  

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық  экологиялық жобалар конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы  

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылғы 19 сәуірде   5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» облыстық экологиялық жобалар конкурсын қашықтық форматта өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Конкурс төрт бағыт бойынша өтті: туған өлке табиғаты; мені қоршаған әлем…

Қыздар арасындағы Еуропа олимпиадасының қорытындысы

Қыздар арасындағы Еуропа олимпиадасының қорытындысы

Порторож қаласында  (Словения) 2023 жылғы 11-22 сәуір аралығында қыздарға арналған математика пәні бойынша Еуропалық олимпиада өтті (European Girls’ Mathematical Olympiad). Қазақстан командасы бұл олимпиадаға 6 рет (2017 жылдан 2023 жылға дейін) қатысты. Биылғы оқу жылында төрт адамнан тұратын команда құру үшін ағымдағы жылдың 28 ақпан 5 наурызда іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу қорытындысы бойынша дарынды балаларға…

Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы

Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан мемлекеттік тілді қолдау мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты бірлесіп, 2023 жылғы 26 сәуір күні 7-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізіледі. Байқаудың облыстық кезеңіне қалалық/аудандық іріктеуден өткен жеңімпаздар қатысады. Олимпиаданын өткізілетін…

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің  қорытындысы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дарынды ер балаларға арнарған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында  2023 жылғы 14 сәуірде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиада 7-8 сынып оқушыларына математика, физика, биология, химия, география, информатика пәндері бойынша жүргізілді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге…

«Жауқазын» олимпиадасының қорытындысы

«Жауқазын» олимпиадасының қорытындысы

Павлодар қаласының Ж. Ташенев атындағы мектебінде 2023 жылғы 13 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына арналған «Жауқазын» олимпиадасы өткізілді. Дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек балалардың жоғары денгейдегі интеллектуалдық қабілетін айқындау, арттыру және қолдау мақсатында 2009 жылдан бастап дәстүрлі түрде жүргізілетін олимпиада өз жалғасын тапты. Өңіріміздің 123 ұйымынан…

Облыстық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 сәуірде республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 50 оқушы қатысты.  Сайыс қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: Бас жүлде – 3, І орын – 4, ІІ орын…

Республикалық ғылыми жобалар конкурсында павлодарлық оқушыларының жетістіктері

Оқушылардың  республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2023 жылғы 3-7 сәуір аралығында онлайн форматта Google Meet платформасында «Қазақстан–2050» стратегиясы аясында республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму модельдері» тақырыбында өткізілді. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»; «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»; «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» және…

«Жауқазын» олимпиадасының облыстық кезеңі

«Жауқазын» олимпиадасының облыстық кезеңі

Павлодар облысы білім басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13 сәуірде  Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына (сыныптары) арналған  «Жауқазын» олимпиаданың облыстық кезеңі Павлодар қаласы Жұмабек Тәшенев атындағы мектебінің базасында (Ворушин көш., 6/2)  өткізіледі.             Олимпиаданың негізгі мақсаты – интеллектуалдық…

Павлодарлық оқушы халықаралық олимпиадада үздік атанды!

Павлодарлық оқушы халықаралық олимпиадада үздік атанды!

2023 жылдың 3 сәуірі мен 7 сәуірі аралығында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Болашақтың жоғары технологиялары мен материалдары» XVII олимпиадасының қорытынды (күндізгі) кезеңі өтті. Осы олимпиаданың жеңімпазы Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия» ММ-сінің 8 сынып оқушысы Дмитрий Титков «химия, физика, математика, биология» пәндер кешенінен 5-9 сынып оқушылары арасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды….