ХХІІ  Азиялық олимпиадасы  (APhO)

ХХІІ  Азиялық олимпиадасы  (APhO)

 2022  жылғы 24-31 мамыр аралығында қашықтықтан физика пәні бойынша ХХІІ  Азиялық олимпиадасы  (APhO) өтті. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында өтетін физика пәні бойынша жыл сайынғы бірегей зияткерлік жарыс. Олимпиадаға әлемнің 22-ден астам елінен өкілдер қатысты. Олимпиада Халықаралық физикалық олимпиада ережелері бойынша өтті: бірінші тур  бес сағаттық теориялық  және екінші тур-практикалық. Қазақстан Республикасының құрама…

Облыс әкімінің дарынды балалармен кездесуі

Облыс әкімінің дарынды балалармен кездесуі

«Ertis Bala Fest» Арт-фестивалі аясында 2022 жылғы 1 маусым сағат 11.00-де Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдің дарынды оқушыларымен, халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен салтанатты кездесу өткізді. Оқу жылының қорытындысы бойынша біздің облысты әртүрлі деңгейдегі беделді іс-шараларда лайықты түрде таныстырғандарды құрметтеу дәстүрге айналды. Бұл тек республикамызда ғана емес, сонымен қатар одан…

Баянауыл жерінде Қ. Сәтбаев атындағы Х аймақтық олимпиадасы өткізілді

Баянауыл жерінде Қ. Сәтбаев атындағы Х аймақтық олимпиадасы өткізілді

Павлодар облысы Баянауыл кентінде 2022 жылғы 27-30 мамыр аралығында жас зияткерлер математика, химия, биология, физика, география және информатика пәндері бойынша жүргізілген сайысқа түсті. Олимпиада көрнекті ғалым, еліміздің ғылым негізін қалаушы, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің құрметіне өткізілуде. Шараға 26 команда құрамында республикалық білім беру ұйымдарынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, 11 аймақтан 162 оқушы…

2022 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары 23-30 мамыр аралығында мектептерге тіркелу үшін өтінім жібере алады

2022 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары 23-30 мамыр аралығында мектептерге тіркелу үшін өтінім жібере алады

Ауыл мектебінде кемінде соңғы екі жыл оқыған оқушылар арасында тартысты дода болып, I-II кезеңнен сүрінбей өткен мың жеңімпаз анықталды. Естеріңізге сала кетейік, «Мың бала» олимпиадасы осымен үшінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап жатыр. Бұл туралы толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы біле аласыздар. Еліміздегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге тіркелу үшін қай мектепке түсетініңізге шешім қабылдап, өтінімді…

IV «Абайтану» республикалық олимпиадасы

IV «Абайтану» республикалық олимпиадасы

Алматы қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында 2022 жылғы    18-20 мамыр аралығында 9-11 қазақ сыныптарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Абайтану» IV Республикалық олимпиадасы өтті Оған Қазақстанның барлық өңірінен құрамында 130-дан астам қатысушы бар 32 команда қатысты. Олимпиаданың мақсаты – Абайдың шығармашылық өміріне назар аудару, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын меңгеру…

Ш. Смағұлов атындағы математика пәні бойынша V олимпиаданың қалалық кезеңі

Ш. Смағұлов атындағы математика пәні бойынша V олимпиаданың қалалық кезеңі

2022 жылдың 15 мамырында «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің базасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов атындағы математика пәні бойынша олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласының жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 6-7 сыныптарының 53 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 16 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. I…

Павлодар облысында ауыл оқушыларына арналған  «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы өткізілді

Павлодар облысында ауыл оқушыларына арналған  «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы өткізілді

 «Ел үміті» бастамасы аясында Қазақстан Республикасы  бойынша үшінші жыл қатарынан «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізілуде. «Мың бала» — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілетті оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін білім беру саласындағы…

ІІ республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы  

ІІ республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы  

Философ-ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2022 жылғы 13 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қ. Естай ат. балалар музыкалық мектебінде республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары өткізілді. Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы…

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылғы 11-13 мамыр аралығында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті, оған бүкіл Қазақстаннан 236 оқушы қатысты. Павлодар облысы 9 оқушыдан тұратын құрама команда ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 5 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 2 қола. Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Бектұрсын…

Халықаралық жарыстағы павлодарлық оқушылардың  жетістіктері

Халықаралық жарыстағы павлодарлық оқушылардың  жетістіктері

Ғылым қызметкерлерінің күні және Ғарышкерлер күнін мерекелеу аясында  5-6 мамыр күні онлайн форматта «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық  зерттеулер бойынша XVIII Халықаралық ғылыми жарыстардың қорытынды кезеңі өтті. Ғылыми  жарыстардың  мақсаты — дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту, отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы…