«ProEco»  республикалық экологиялық  жобалар конкурсының қорытындысы

«ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының қорытындысы

Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 26-27 сәуір аралығында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауын қашықтықтан өткізді. Облыстық және қалалық кезеңдерінің 105 жеңімпаздарының жұмыстары қаралған республикалық шараға Павлодар облысының 5 оқушысы қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу,…

7-8 сынып оқушыларының химия және биология пәндерінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларының химия және биология пәндерінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылады. Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру және олимпиадалық резервті қалыптастыру. Олимпиадаға бүкіл Қазақстаннан 171…

Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының қорытындысы

Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 26 сәуірде «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 7-11 сыныптарынан 125 оқушы қатысты, оның ішінде 35 – өзге ұлт өкілдері. Сайыс қорытындысы бойынша 59 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын –…

Ертіс өңірі зияткерлерінің олимпиадалық жетістіктері

Ертіс өңірі зияткерлерінің олимпиадалық жетістіктері

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 18-21 сәуір аралығында облыстық көп салалы лицей-интернатында өтті. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада өткізілетін орындарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері қатысты. Олимпиада өткізу кестесіне сәйкес 2 турда өтті. Іс-шара онлайн режимінде көрсетілді, бейнебақылауға барлық…

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық  экологиялық жобалар конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы  

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық  экологиялық жобалар конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы  

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылғы 19 сәуірде   5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» облыстық экологиялық жобалар конкурсын қашықтық форматта өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Конкурс төрт бағыт бойынша өтті: туған өлке табиғаты; мені қоршаған әлем…

Қыздар арасындағы Еуропа олимпиадасының қорытындысы

Қыздар арасындағы Еуропа олимпиадасының қорытындысы

Порторож қаласында  (Словения) 2023 жылғы 11-22 сәуір аралығында қыздарға арналған математика пәні бойынша Еуропалық олимпиада өтті (European Girls’ Mathematical Olympiad). Қазақстан командасы бұл олимпиадаға 6 рет (2017 жылдан 2023 жылға дейін) қатысты. Биылғы оқу жылында төрт адамнан тұратын команда құру үшін ағымдағы жылдың 28 ақпан 5 наурызда іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу қорытындысы бойынша дарынды балаларға…

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің  қорытындысы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дарынды ер балаларға арнарған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында  2023 жылғы 14 сәуірде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиада 7-8 сынып оқушыларына математика, физика, биология, химия, география, информатика пәндері бойынша жүргізілді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге…

«Жауқазын» олимпиадасының қорытындысы

«Жауқазын» олимпиадасының қорытындысы

Павлодар қаласының Ж. Ташенев атындағы мектебінде 2023 жылғы 13 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына арналған «Жауқазын» олимпиадасы өткізілді. Дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек балалардың жоғары денгейдегі интеллектуалдық қабілетін айқындау, арттыру және қолдау мақсатында 2009 жылдан бастап дәстүрлі түрде жүргізілетін олимпиада өз жалғасын тапты. Өңіріміздің 123 ұйымынан…

Облыстық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 сәуірде республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 50 оқушы қатысты.  Сайыс қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: Бас жүлде – 3, І орын – 4, ІІ орын…

Республикалық ғылыми жобалар конкурсында павлодарлық оқушыларының жетістіктері

Оқушылардың  республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2023 жылғы 3-7 сәуір аралығында онлайн форматта Google Meet платформасында «Қазақстан–2050» стратегиясы аясында республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму модельдері» тақырыбында өткізілді. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»; «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»; «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» және…