Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ІV Ұлттық олимпиадасының қорытындысы
«Ел үміті» бастамасы аясында Қазақстан Республикасы бойынша төртінші жыл қатарынан «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізілуде. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатысты. «Мың бала» олимпиадасының мақсаты — ауылдық жерлерде оқитын 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектептерінде,…